20 Наурыз, 2015

«Кәсіпкерлікті қолдау –­ міндетіміз»

2511 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
касипкерликНұржан ӘЛТАЕВ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

«Кәсіпкерлікті қолдау –­ міндетіміз»

Бүгінде ел кәсіпкерлері мем­лекет тарапынан жүйе­лі ұйым­дастырылған қам­қорлықты сезіне бастады. Осы бағытта еліміздің әр өңірінде кәсіпкерлікті қол­дау орталықтары ашылып жат­қанынан хабардармыз. Олар нақ­ты қандай қызметтер көрсетеді? – Ресми статистикаға сүйенсек, бүгінде республикада 1 миллион 200 мыңнан астам кәсіпорын мен жеке кәсіпкер жұмыс істеуде. Шағын және орта бизнес секторында 3 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылған. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» Жолдауында ай­қын міндет – «2030 жылға қарай шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс», деген нақты тапсырма берген болатын. Соңғы бірнеше жыл ішін­де кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау білдіру, отандық бизнеске қолайлы жағдай туғызу мақсатында көптеген ауқымды іс-шаралар атқарылды. Бұл бағытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алар орны ерекше екенін атап өткен жөн. Өзіңіз айтып өткендей, қазір әр аймақта палата мен оның өңірлердегі фи­лиалдарының база­­сында, Ұлттық экономика министрлігі және «Да­му» қорының қолдауымен кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылып, тұрақты жұмыс істей бас­тады. «Бір терезе» жүйесі бойынша қызмет көрсететін бұл орталықтар бизнес өкілдерінің жұмысын барынша жеңілдетуі тиіс. Ең әуелі мұндай орталықтарды ашудағы мақсат халықтың кәсіпкерлікпен айналысуға деген ниетін арттыру болып отыр. Аталған орта­лықтарда бұқараны бизнес-ағарту, іскерлік кеңес беру секілді жалпы 20-дан астам қызмет түрі ұсынылады. Тара­тып айтсақ, консультациялық қызметтер: бизнесті құру және жұмыс істеп тұрған бизнесті тиімді жүргізу, қаржылық және құқықтық, сыртқы нарықта бизнесті жүргізу бойынша кеңестер беру, салық саласы бойынша кеңестер, оның ішінде, салық салу жүйесіндегі жеңілдетілген салықтық декларацияларды дайын­дау. Білім саласындағы қол­дау бағдарламалары бойынша жұмыс істеп тұрған әрі әлеуетті кә­сіп­керлер үшін кәсіп­керлік қызметті жүзеге асыру­дағы негізгі функция­лар мен бизнесті басқару бойынша арнайы курстар, тренингтер, семинарлар жүргізу. Сондай-ақ, кәсіпкерлерді шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қол­дау бағдарламалары туралы ақ­параттандыру. Қазірде аталған орталықтар жанынан «Бизнес-мек­тептер» ашылуда. Оларда жас кәсіпкерлер іскерлік негіздерін оқып, облыста немесе ауданда нақ­ты бір жобаны жүзеге асыруға бағытталуда. – Бұрын бизнесті тіркеу­ден бастап, оған тиісті рұқ­­­­сат­­тама-құжаттарды алу мә­­селесі, тағы да басқа әкім­ші­лік кедергілер көп болатын. Жасыратыны жоқ, кей жағ­дайларда әлгіндей әуре­шіліктен құтылу үшін кәсіп­керлер біреу­лердің «қолда­рын майлап» жататын кездер де болғаны рас. Осы орай­да кәсіпкерлерді қолдау орта­лық­тарының қызметі бизнес өкілде­ріне тиімді болып отырғаны анық. Қазір еліміз бойынша қанша орталық ашылды және олар тек қалалық жерде ме, әлде ауылдарда да бар ма? – Бүгінде Қазақстанда жұ­мыс істеп тұрған және өз кәсі­бін жаңадан бастап жатқан кә­сіпкерлердің ақпараттық-кеңес­тік қызметтерге, оқуға деген сұранысы жоғары екені байқа­лады. Әрі халықтың мұндай ынта-ықыласы бізді қуантады. Аталған орталықтардың міндеті – кәсіпкерлердің, әсіресе аудандар мен шағын қалаларда, өзінің бизнесіне байланысты барлық са­уалдар бойынша көмектесе алатын бір орталыққа жүгінуін іске асыруда болып отыр. Яғни, кәсіпкерлердің билік органдарымен қатынасуы азаяды, осы арқылы, ең бастысы, өзіңіз айтып өткендей, олардың тарапынан болатын парақорлыққа жол берілмейді. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдау орталықтары еліміздің 5 облысында ашылды. Биылғы жылдан бастап мұндай орталықтар құру бойынша аудандар мен ауыл­дар деңгейіне шығудамыз. Жоспарға сәйкес, 2015 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін Қазақстанның 188 ауданында осындай орталықтар ашылуы тиіс. – Жөн екен. Дегенмен, осыншама орталықты тиісті маманмен қамту мәселесі қалай жү­зеге асып отыр? – Сұрағыңыз орынды, мұндай мәселе туындауы әбден мүмкін. Егер мамандар аудан деңгейінде қандай да бір сауалға жауап бере алмаса, онда кәсіпкер онлайн тәртібінде бейнебайланыс көмегімен облыстық кәсіпкерлікті қолдау орталықтарынан консультация ала алады. Яғни, қалаға сабылып барудың қажеті жоқ. Атал­мыш орталықтарға барлық бағдарламалардан хабары бар мамандар ауадай қажет. Бүгінде осындай кадрларды даярлауға да көп көңіл бөлініп отыр. Реті келгенде айта кетейін, Кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, мамандарды дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша «Жол картасын» жасап, оны іске асыруда. Ол аймақтар бойынша 11 маңызды саланы, 206 колледж, 83 мамандықты қамтиды. 2014-2016 жылдар аралығында 611 кәсіпорынның тапсырысына сәйкес 10 мыңнан астам маман әзірлеу жоспарлануда. Жұртшылықты кәсіби мамандандыру бағытында арнайы оқу орталықтарын көптеп ашу жұмысы жүйелі жүргізілуде. Бүгінде еліміз бойынша 13 оқу орталығы жұмыс істеп тұр. Өңірлерде 6 студенттік бизнес-инкубатор құрылды, 6 аймақта орта мектептерде, колледждерде 21 кәсіби мамандандыру кабинеттері ашылды. Жалпы, қазір шағын және орта бизнесті қолдауға байланысты мемлекеттік бағдарламалар көптеп жүзеге асырылып отыр, бірақ көп жағдайда олар жайлы қарапайым халық біле бермейтіні байқалады. Мемлекет тарапынан бизнесті қолдауға арналған мүмкіндіктер туралы халықты жан-жақты ақпараттандыруға маңыз беріп отырғанымыз сондықтан. – Кәсіпкерлікті қолдау орта­лық­тарының жұмысына мониторинг жасап, қадағалап отырасыздар ма? – Қазір арнайы автоматтан­дырылған бағдарлама дайындалуда, онда тұрақты түрде, онлайн тәртіпте, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратында және өңірлік палатада кәсіпкердің өтініш берген уақыты, жұмыстың қалайша жылжып жатқаны, жүзеге асыру мерзімінің созылып кетпеуі бақыланып отыратын болады. Яғни, орталықтардың барлық қызметі өз кәсібін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер санының артуымен және жұмыс істеп тұрған бизнестің нығаюымен әрі дамуымен анықталатын нәтижеге бағытталатын болады. Одан бөлек, «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жайлы кәсіпкерлердің өздері қандай пікірде, қызмет сапасы көңілден шығып жатыр ма?» деген секілді сауалдар төңірегінде үнемі зерттеу жүргізіп, ұсыныстар болса оларды да назардан тыс қалдырып жатқан жоқпыз. Кәсіпкерлер көбіне қандай мәселе бойынша кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына жүгінетінін де тұрақты қадағалап отырамыз. Мәселен, Шығыс Қазақстанда жа­қында ашылған орталықтың қыз­мет­керлері жергілікті кәсіпкер­лердің көбіне жер мәселесі, архитектура, «Бизнестің жол картасы-2020», шағын қалаларды дамыту бағдарламаларына қатысты, сонымен қатар, кепілдік жарна болмаған жағдайда несие алу мүмкіндігі, жеке кәсіпкерлік ашуға байланысты сұрақтармен жиі келетінін айтады. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».